17.05.2018, 14:22
Оқылды: 31

Қаратөбелік жас инспекторлар үздіктер қатарынан көрінді

«Бағдаршам-2018» қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының облыстық слетіне қаратөбелік өрендер де қатысқан болатын. Аудан намысын Жамбыл орта мектеп-балалақшасының «Жас өрен» командасы қорғап, үздіктер қатарынан көрінді.

Аталған облыстық слетке сегіз аудан және екі қалалық мектептен 100 оқушы қатысып, бақ сынасты.

Қатысушылар саптық байқау, жол қозғалысы ережесінің білгірі, жас реттеуші, жас тазалықшы, үгіт бригада байқауы, эрудиттер турнирі сынды кезеңдерді аса жауапкершілікпен бағындырды.

Слетке жоғары дайындықпен, жеңіске деген жігермен және үздік нәтижеге деген ұмтылыс командалар арасындағы ойындардан айқын көрінді.

Жасөспірімдер арасындағы жарыс қорытындысында қаратөбелік  балғындар «Жол қозғалысы ережесінің білгірі» кезеңінде І орынды, «Жас реттеуші» кезеңінде ІІІ орынды Дидар Болатжанов еншілеп, дипломдармен марапатталды.

«Бағдаршам-2018» қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының облыстық слетіне белсенді қатысқаны үшін «Жас өрен» командасына және оқушыларды жарысқа тыңғылықты дайындаған жетекшісі Гүлім Жасұланқызына алғыс хат табысталды.

- Облыстық жарысқа жоғары дайындықпен бардық. Қарсылас командаларда осал болмады. Оқушыларым жарыс жолында өздерінің шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсете білді. Ойын кезеңдерінде тең нәтиже көрсетіп, кейде сәл босаңсып қалып жатқан тұстар да болды. Осылайша тәжірбе алмасып келдік. Алда талай жеңіс тұғырынан көрінеміз деген ойдамыз, - дейді Гүлім  Мұхатова.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

                                                                                                                                         

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале