23.10.2017, 18:48
Оқылды: 17

Қаратөбелік жас өлкетанушылар Оралдан жүлдемен оралды

 

Орал қаласында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен экскурсиялық бағдарлау жарысы өткен болатын.

Аталған жарыс экскурсиялық бағдарлау және үздік экскурсиялық маршрут презентациясын таныстыру сынды екі бөлімнен тұрды.

Жарыс қорытындысында «Үздік экскурсиялық маршрут» бөлімі бойынша Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының командасы  Қаратөбе-Жусандыой-Ханкөл-Егіндікөл маршрутын таныстырып, жүлделі І орынға ие болды.

– Маршрут барысында команда елді мекендердегі тарихи орындар мен ескерткіштерді қызықты әрі тартымды жеткізе білді, - дейді өлкетану бөлімінің ұйымдастырушы педагогы Әсел Жолдасқалиқызы.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале