17.11.2017, 16:40
Оқылды: 17

Қаратөбелік жас спортшылар облыс чемпионатынан олжалы оралды

23635401_360119371067194_479644827_n13-16 қараша күндері облыс орталығы Орал қаласында 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткен болатын.

Спорттық шеберлік  деңгейін жетілдіру, облыс құрамасын жасақтауға арналған додада қаратөбелік жас спортшылар бақтарын сынап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Байрақты бәсеке қорытындысында 34 келі салмақ дәрежесінде Әділбек Ғұбайдуллаев және 80 келі салмақта өнер көрсеткен Дәулет Ғабитовте күміс жүлдені иеленді.

Аталмыш спорт жеңімпаздары – Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Бокс» үйірмесінің жетекшісі Қайырбек Наурызбайұлының шәкірттері.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы     

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале