12.10.2017, 13:58
Оқылды: 14

Қаратөбелік жас спортшылар республикалық турнирге жолдама алды

Жуырда Орал қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Жас барыс» облыстық іріктеу турнирі өткен болатын.

Байрақты бәсекеде Қаратөбе ауданының намысын қорғай барған жас спортшылар олжалы оралды.

Турнир нәтижесінде 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында 46 келі салмақ дәрежесінде Райымбек Өтепов І орын алса, 2002-2003 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында 46 келі салмақта Мұқағали Өтепов І орынды иеленді. 2002-2003 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында 42 келі салмақ дәрежесінде Дәулет Болатов І орынды жеңіп алып, үздіктер қатарынан көрінді.

Айта кету керек, турнир жеңімпаздары 2-5 қараша күндері Шымкент қаласында өтетін «Жас барыс» республикалық турниріне жолдама алды.

Жарыс жеңімпаздары атанған ағайынды Өтеповтер – аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Роман Сыдықовтың шәкірттері. Бұған дейін жаттықтырушы Жақсат Қажымовтың шәкірті болған Дәулет Болатовты қазіргі таңда Әділ Төреғали жаттықтырады.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале