17.10.2017, 15:29
Оқылды: 22

Қаратөбелік жас спортшылар турнир жүлдегерлері атанды

 

22532186_349558342123297_353932823_o13-15 қазан күндері Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 2002-2003 жылы туған жасөсіпірімдер арасында Ақтөбе облысының ашық турнирі өтті.

Турнир қазақ күресінен Азия чемпионатының жүлдегері, спорт шебері Ғалымжан Байниязовты еске алуға арналды.

Жарыс қорытындысында қаратөбелік жас палуандар Дәулет Болатов 42 келі салмақта ІІІ орын, Дәулет Ғабитов +73 келі салмақ дәрежесі бойынша жүлделі ІІІ орыннан көрініп, мерейі үстем болды.

Жарысқа қатысушы турнир жүлдегерлерінің аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дулат Қоламановқа айтар алғысы шексіз.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале