2.11.2017, 14:44
Оқылды: 28

Қаратөбелік жас техник қуат көзін өндіретін құрылғының үлгісін жасады

DSC_0512Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығында 26-27 қазан күндері «Мектеп табалдырығынан ғылымға...» атты облыстық көрме-байқауы өткізілген болатын. Байқауға қатысқан қаратөбелік жас техник Мейіржан Ибатов жеңімпаз атанды.

Көрме оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығына жол ашу, жобалық, зерттеушілік, конструкторлық және өнертапқыштық қабілетін көтеру, оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту, техника ғылымдарына қызығушылығы бар дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында өтті.

Облыстық жас өнертапқыштар байқауы «Ғылыми-техникалық жарыс» және «Көрме» аталымдары бойынша түрлі секциялар да жұмыс жүргізді.

Байқауға қатысып бағын сынаған Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің «Алғашқы кеме үлгісі» үйірмесінің шәкірті Мейіржан Ибатов «Радиотехника, электроника және телемеханика» секциясы бойынша жүлделі І орынды жеңіп алды.

Ойы ұшқыр жас техник Мейіржан электр қуатын үнемді пайдалану мақсатында қуат көзін өндіретін шағын құрылғының үлгісін жасаған. Қаратөбелік өреннің жұмысын жоғары бағалаған байқау комиссиясы оны үздік деп таныпты.

Шәкіртінің айтарлықтай жетістікке жетуіне жетекшісі Сержан Хасановтың еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн.

 

 Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале