13.10.2017, 16:01
Оқылды: 9

Қаратөбелік жас туристер жүлделі оралды  

 

Жуырда облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында спорттық бағдарлаудан Х «Батыс Азимут» облыстық чемпионаты мәресіне жеткен болатын.

Аталмыш жарысқа Қаратөбе ауданының командасы қатысып, үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Байқау барысында «Таңдау» қашықтығы, «Ұзақ» қашықтығы, «Түнгі спринт» қашықтығы, «Супер спринт» қашықтығы кезеңдерін бағындырған оқушылар жылдамдықтарымен ептіліктерін, төзімділіктерін байқатты.

Үш күнге созылған аталмыш жарыстың қорытындысында Жанбота Сәкен, Медет Ислям облыстың абсалютті чемпионы атанды.

Сонымен қатар осы спорт түрінен өткен Орал қаласының ашық кубогынан аудан спортшылары  Эльдар Болатжанов І орын,  Ұлпан Сағындықова ІІІ орын, Бекзат Бауыржанов  ІІІ орын иеленді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале