27.03.2019, 11:15
Оқылды: 23

Қаратөбелік жастар ағылшын тілін үйреніп шықты

Осыдан екі ай бұрын «ENGLISN  FOR  JASTAR» жобасы аясында Мұхит атындағы орта мектебінде ағылшын тілін оқыту курсы өз жұмысын бастаған еді. Міне, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен бастау алған жобаның алғашқы қарлығаштары - 26 тыңдаушы ағылшын тілінің толық курсын аяқтап, сертификатын алып шықты.  

Karatobe agylshyn (2)

Тыңдаушыларға сертификат тапсыру рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов пен курсқа дәріс беруші  Әсия Қуанышкерейқызы жүргізді.

Салтанатты шарада сөз алған Нұрлан Жақанұлы қазіргі цифрлы технология қарқынды дамып жатқан заманда ағылшын тілін меңгерудің маңыздылығына тоқталып, оқушыларды сертификат алуларымен құттықтады.

Karatobe agylshyn (1)

Әсия Сұлтангерееваның айтуынша, курсты аяқтаған оқушылардың алтауы - биылғы жылы алтын ұя мектебінен үлкен өмірге қанат қаққалы отырған  мектеп түлектері.

Шараны қорытындылаған Нұрлан Жақанұлы еріктілер қатарында туған жері Қаратөбедегі өзі білім алған мектебінің жоғары сынып оқушыларының ағылшын тілін жіті меңгеруіне елеулі үлес қосқан «Алтын белгі» иегері, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 4 курс студенті Әсия Қуанышкерейқызына курсқа қатысушылар атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

                                                                          Ерболат РАЙСОВ

                                                                           Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале