17.09.2020, 16:20
Оқылды: 126

Қаратөбеліктер де «Еңбек-Марқа» бағдарламасының тиімділігін көруде

«Еңбек-Марқа» бағдарламасы бойынша грант ұтып алғандардың қатарында Қаратөбе ауданына қарасты Аққозы ауылдық округінің тұрғыны Талғат Мұхтаров та бар.

Марқа

– Аққозы ауылдық округінен Талғат Еңсепұлы «Еңбек-Марқа» бағдарламасымен 555 мың теңге көлемінде грант ұтып алды. Қаражат қолына тиісімен округтегі «Досжан» шаруа қожалығымен келісімшартқа отырып, 15 бас марқа сатып алды. Қалған 70 мың теңгесін шөпке, 30 мың теңгесін қара бидай ұнтағы мен жемге жұмсаған, - дейді Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту орталығының Аққозы ауылдық округі бойынша ассисенті Шолпан Ғұбайдуллина.

Аз қамтылған отбасылардың аяқтан тұрып, шаруасын жолға қоюына аталмыш бағдарламаның тиімділігі зор.

 

Ерболат Райысов,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале