19.10.2018, 17:55
Оқылды: 56

Қаратөбеліктер қарияларға құрмет көрсетті

 Бүгін Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали, бас маман Гүлжайна Ермұханбетова, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Еркінбек Жәнібеков қайырымдылық айына орай Орал қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы үлкендердің хал-жағдайын біліп, аман-саулық сұрасты.

 qaratobe (2)

Шарада сөз сөйлеген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали қарияларды мерекемен құттықтап, дендеріне саулық, жылдан жылға аман-есен жүздесуге нəсіп етуді тіледі.

Қарттарын қадірлейтін қаратөбеліктер осы әлеуметтік орында тұрып жатқан жерлестерімен кездесіп, оларға арнаған жылы лебіздерін айтып, дастарқаннан дәм татырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын концерт ұсынды.

Орал әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорының әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Айгүл Мұстафина игі істі ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Көрсетілген сый құрметке риза болған үлкендер дастарқан басында емен-жақын әңгіме айтып, ауылдың тыныс-тіршілігінен хабардар болып, қаратөбелік өнерпаздардың концерттік бағдарламасын зор ықыласпен тыңдап, қошемет көрсетіп отырды.

Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Еркінбек Жәнібеков дастарқан басындағы жүздесуде аудандағы жаңалықтарды айтып, ауданның əлеуеті жылдан-жылға дамып келетіндігін тілге тиек етті. Осы мекемеде 10 жылдан бері тұрып жатқан Баймағамбет ата Батырғалиев: «Ауданымыздан арнайы өкілдер келіп, сый-сияпатын жасап, өнерлерін көрсетіп жатыр. Туған өңірімізден келген өнерлі балаларымызды көріп қуанып қалдық. Өнерлері өрлей берсін!» деп жылы лебізін арнап, батасын берді. Кездесудің соңында қарияларға сый-сияпат ұсынылды.

Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы 11, Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы 2 тәрбиеленуші жерлестеріміз де қайырымдылық айлығында назардан тыс қалмады. Балаларға арнайы барып, тұрмыс жағдайларын біліп, сый құрмет көрсетілді.

qaratobe (1)

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале