23.09.2019, 13:19
Оқылды: 44

Қаратөбеліктер сенбілікке шықты

Қаратөбе ауданында «Біз таза елді қолдаймыз» экологиялық қозғалысы және республикалық «Бірге таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті. Сенбілікке әр мекеменің қызметкерлері қатысып, ауыл тазалығына үлестерін қосты.

71104400_129288011777093_8735559336526348288_n

Сенбілік барысында ауыл сыртында орналасқан қоқыс төгетін арнайы орындағы қалдықтар сұрыпталды. Арнайы орынды  ұзақ уақыт сақталатын, қоршаған ортаға зиянды қоқыс қалдықтарынан арылтты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тазалық шараларына білегі мықты ер азаматтар белсене кірісті. Сұрыпталған қоқыс екі жүк көлігімен шығарылды.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале