27.02.2017, 15:59
Оқылды: 21

Қаратөбеліктер жеңімпаз атанды

Сырым ауданында Сырым Датұлы атындағы қоғамдық қордың кубогы үшін волейболдан ауданның ашық турнирі өтті. Турнирдің салтанатты ашылу шарасына Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар және Сырым ауданының құрметті азаматы Құсайын Бақтияров қатысты.


Жарыстың жеңімпазы болып Қаратөбе ауданының командасы танылды. Келесі орындарға Шыңғырлау және Теректі ауданының әуедоп шеберлері тұрақтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің, жалпы қатысушы командалардың барлығына Сырым Датұлы атындағы қоғамдық қордың және «Қайсар» спорт клубының арнайы марапаттары тапсырылды.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале