3.04.2018, 18:06
Оқылды: 16

Қаратөбеліктер жеңіс тұғырынан көрінді

29939833_2029222374007879_878114793_nОрал қаласында спорт ардагері Тілекқабыл Қамзиевті еске алуға арналған самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен ашық республикалық турнирден  жерлестеріміз олжалы оралды.  

 Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан палуандар боз кілемде бақтарын сынады.

Нәтижесінде 50-55 жас ерекшелігі бойынша 82 келі салмақта Қайрат Ниязов ІІ орынды иеленді. Ал 35-39 жастағылар арасында 82 келі салмақта Дулат Қоламанов, 74 келіде Медетхан  Қуанғалиев ІІІ орынға табан тіреді. Жас қорытындысы бойынша 68 келі салмақ дәрежесінде Екпін Тіналиев І орынға ие болды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале