23.11.2017, 15:02
Оқылды: 22

Қаратөбенің білім беру саласы өлкетану бағытында тыңғылықты іс атқаруда

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев атқарылған істерін баяндап редакциямызға мақала жолдады.   

Биыл Қаратөбе ауылының тарихи мекендеріне экспедиция жасау мақсатында ұстаздар қауымы Шөптікөл ауылынан Мәженсайға дейін жаяу жорыққа шыққан. Сонымен қатар Егіндікөл ауылында «Жасыл желкен» жазғы демалыс лагері бір күндік жорық ұйымдастырған. Жорық барысында Есенаман тауына, «Аққұм» қорықшасына, Құныскерей үңгіріне 280 оқушы саяхат жасаған. Ауданның тарихи өңірлеріне саяхат жасауға аудандық білім беру бөлімінен 350 мың теңге бөлінген. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта жалғаспақ.

Сондай-ақ Б.Қаратаев атындағы мектепте «Жас турист» өлкетану үйірмесінің жетекшісі М.Бектұрсынова 8-10 сынып оқушыларымен «Жас өлкетанушылар» слетін өткізді. Қаратөбе ауылының тарихи мекендеріне экспедиция жасау мақсатында оқушылар Шөптікөл ауылынан Қаратөбе аудандық музейі арқылы Алаш саябағына дейін веложорық жасаған.

«Отаным – тағдырым» базалық жобасы бойынша биылғы оқу жылынан бастап барлық мектептердің 7-сыныбында «Өлкетану» факультативтік курсы жүргізілуде. Курсты оқыту барысында барлық мектептерде өлкенің тарихы, есімі елге танымал тұлғалар жоспарға енгізіліп, оқытылуда.

Алдағы уақытта Мұхит атындағы орта мектеп ауласына тас жол төсеу және киелі мекендерге экспедиция жасау, Ұзақ күйші және Мұхит Мерәліұлы кесенесіне жорықтар ұйымдастырумен қатар мектептерде тағылымды шаралар өткізу жоспарда бар. Аудандық білім беру бөлімінде қараша айының соңында «Үздік мектеп мұражайы» байқауы өтпек.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале