10.08.2018, 15:32
Оқылды: 70

Қаратөбенің орталық алаңында сурет көрмесі өтуде

Қаратөбе ауылының орталық алаңында жерлес белгілі жазушы Құрманғазы Қараманұлының қызы, елімізге белгілі иллюстратор Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты сурет көрмесі мен Қалдығайты ауылында туып өскен фотограф Рафхат Халеловтың фотокөрмесі қойылды. 

көрме (1)

         Екі жерлесіміз де бала жасынан сурет өнерімен әуестенген. Жаны қалайтын істерін аяқсыз қалдырмай, өздеріне серік етіп келеді.

         Суретші Аңсаған Мұстафа қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды жиі нысанаға алады. Ұрпақ тәрбиесі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, тастанды сәбилер секілді сан түрлі тақырыптағы бүгінгі қоғам шындығын бейнелейтін туындылары тек қана ақ-қара түспен салынған. Техникасы қарапайым болғанымен, мағынасы тым терең. Көрмеде оның 30-ға жуық графикалық суреттері халыққа ұсынылды.

Туған жердің табиғатын объектив ішінен көруді дағдыға айналдырған Рафхат Халеловтың 40-қа жуық жұмысы көрмеге қойылды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

көрме (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале