2.05.2018, 18:06
Оқылды: 56

Қарауылтөбенің қос түлегі туған жерге келді

Қаншама жерден техникалық революция болса да, рухани жаңғырусыз табысқа жету мүмкін емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқына «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» ғылыми бағдарламасын арнауы ұғынған жанның сана-сезімін қозғады. Әңгіме Отанымыз үшін, барлық қазақстандықтың үшін тағдыршешті мәселеге барып тіреледі.

Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылының түлектері: БҚО «Дарын» білім орталығы директорының орынбасары Айболат Қожанғалиев пен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі Еркін Өтегеновпен тұрғындардың кездесуінде осы туралы нәрлі әңгіме болды. Олар тарих тереңінен бастау алатын рухани кодымыз, бір-бірімен біте қайнасып жатқан тұтас дүниеміз – тіл, дін, діл жайында әсерлі сөз саптап, жастардың, мектеп оқушыларының аталған бағдарламаны оқып-үйренудің маңызына тоқталды.

Кездесуден соң олар балғын жастармен бірге мектеп ауласына тал көшеттерін екті, Е.Өтегенов балалық шақта Қарауылтөбе сахнасынан өнерге тұңғыш басқан қадамы туралы айтып, ән әуелетті.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале