1.07.2017, 15:59
Оқылды: 63

Кәрім Жақыпов – Теректі ауданының әкімі

WhatsApp Image 2017-07-01 at 15.49.31   Облыс әкімі Алтай Көлгінов Теректі ауданы активіне жаңа әкімді таныстырды.


   Бұған дейін Зеленов ауданын басқарып келген Кәрім Жақыпов  2015 жылдың 23 қарашасындағы «Мемлекеттік қызмет» туралы Заңына және Мемлекеттік әкімшілік қызметкерді ротациялау туралы ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы Жарлығына сәйкес, Президент Әкімшілігінің және Теректі ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен Теректі ауданының әкімі болып тағайындалды.

    Облыс басшысы әкімді жаңа орынымен құттықтап, табысты жұмыс тіледі.

    Жақыпов Кәрім Каримоллаұлы 1976 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.

1997 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін, 2011 жылы Қазақстан мемлекеттік заң университетінің БҚО бойынша филиалын бітірген. Агроном және заңгер мамандықтары бар.

1998 жылы «Желаев нан өнімдері» комбинатында еңбек жолын бастаған.

1999-2009 жылдары Орал және Ақсай қалаларындағы компанияларда менеджер, директор орынбасары, директор қызметтерін атқарған.

2009-2011 жылдары Теректі ауданы әкімінің орынбасары болған.

2011-2013 жылдары Батыс қазақстан облысы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды ескерту басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2013 жылдан бері Зеленов ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале