13.04.2017, 17:32
Оқылды: 21

Қарияға құрмет - бәрімізге міндет

Тасқалалық белсенді жастар 80 жасқа қадам басқалы отырған А.Жұбанышевты келе жатқан туған күнімен құттықтап, құрмет көрсетті. Шараға аталмыш партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Балықов, зейнеткер М.Залиев және аудан жастары қатысты.

Басқосу барысында Д.Ғазез, Ж.Балықов, М.Залиевтер сөз сөйлеп, Арон Қажығалиұлының қоғамдық жұмыстарда белсенді жұмыс жасап, өлшеусіз үлес қосқанын айтып өтті. Сондай-ақ халықтың мұң-мұқтажын басшыларға жеткізіп, көптеген күрмеуі қиын мәселерді шешуге атсалысқан жан екендігін тілге тиек етті.

Өз кезегінде А.Жұбанышев өзінің жүріп өткен өмір жолынан сыр шертіп, көрсетіліп жатқан құрметке өз ризашылығын жеткізді.

Шара соңында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Р.Сатыбалдиев мерейтой иесіне алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале