6.10.2017, 10:53
Оқылды: 17

Қарияларға құрмет

1 қазан – Халықаралық қариялар күніне орай аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің ұйтқы болуымен  «Тамаша» мейрамханасында қарияларға арнап ақ дастарқан жайылды.

Шарада аудан әкімі С.Әлиев қарияларды айтулы мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. – Жылына бір келетін осынау мерейлі мерекелеріңізбен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Қашанда дендеріңіз сау болып, ауырмай-сырқамай аман-есен ортамызда жүре беріңіздер. Әрдайым сіздерге құрмет көрсету біздің міндетіміз, - деді ол.

Бұдан кейін қариялар да кезек-кезек сөз алып, ақ дастарқан жайған аудан әкімдігіне өз ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ шарада мәдени-демалыс орталығының көркем өнерпаздары әннен шашу шашып, қарияларға керемет көңіл күй сыйлады.

Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Балықов сөз сөйлеп, қарияларға қашан да қол ұшын беру үшін қолдан келген қарекетті жасайтындарын айтты.

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале