20.10.2017, 11:57
Оқылды: 73

Қарттар үйін қаратөбелік 20-дан астам қария паналауда

Қаратөбеліктер Орал қаласындағы жалпы медициналық үлгідегі қариялар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді.

Сал Мұхиттың әндері орындалған концертке көңілі толған қамкөңіл жандар қошеметпен қол соғып, елге деген сағыныштары мен ыстық ықыластарын танытты.

Мерекелік шараның дастархан мәзірінде сөз сөйлеген орталық басшысының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Айгүл Мұстафина қаратөбеліктердің игі ісіне алғысын білдірсе, тәрбиеленушілер Баймағанбет Батырғалиев, Бисенғали Сұлтанғалиев, Қораш Дәулеткалиева, Арыстанбек Төрәлиев өздеріне қамқорлық танытып, құрмет көрсетуші Бақытжан Жүсіпқалиға, Еркінбек Ғаббасұлына, әлеуметтік қызметкер Гүлжайна Ермұқанбетоваға, және барша қаратөбелік ағайындарға жүрекжарды жылы лебіздерін арнады.

Мейірбандық іске дән риза болған қариялар үйіндегі жерлестеріміз аудан әкімі Жанат Асылханұлына ризашылықтарын айтып, елге деген ыстық сәлемдерін жолдады.

Аталмыш ізгілікті шара түстен кейін Круглозерныйдегі, Кушумдағы  әлеуметтік арнаулы қызмет көрсету орталықтарында жалғасты. Делегация жетекшісі Бақытжан Қайырқұлұлы мен БҚО мүгедектері ерікті қоғамының Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Еркінбек Ғаббасұлы орталықта тәрбиеленуші қаратөбелік 3 балаға арналған сыйлықтарды табыстады.

                                                                                                 Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                          

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале