7.08.2020, 12:15
Оқылды: 76

Қашықта отырып шаршы тақтада бақ сынады

Ғаламтордың арқасында үйде отырып-ақ ғаламшардың әр қиырындағы таныс та бейтаныс жандармен пікір таластырып, түрлі ойын да ойнауына болады.

9DD864E8-A529-41D3-AB4F-6BE03916219F

Нарын жастарының ұйымдастыруымен шахматтан аудан тұрғындары арасында онлайн турнир өткізілді.

Турнир "Lichess" бағдарламасы  арқылы болды.

Турнир нәтижесінде Бекет Құбаев І орын, Кенжебек Қадырұлы ІІ орын, Мұратхан Набиғалиев ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар марапатталады.

Ұйымдастырушылар бұл шараның алдағы уақытта да жалғасын табатынын және кез келген тілек білдіруші қатыса алатынын айтады.

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале