29.05.2020, 0:37
Оқылды: 62

Кәсіпкер ауылды өзі дайындаған тәттілерімен қамтамасыз етіп отыр

Әр істің қиюын келтіріп, кәсібін нәсіп етіп отырған еңбекқор жандарды көргенде іштей риза боласың. Қолға алған кәсібін одан әрі дамытып, шаруасын шалқытып отырған кәсіпкерлер Бәйтерек ауданының Дариян ауылында да аз емес.

1A063D01-3303-45BA-8026-592768B4E0C6

 «Тынбай жұмыс істеген адамға өмір несібесін бұйыртады» демекші, Дариян ауылының тұрғыны, төрт баланың анасы Гүлназ Түркеева өз кәсібінің несібесін көріп отырған ана.

0C9F1EF4-FE39-4BFA-8CD9-731D7E90B0EA

Көзін тапса кез келген кәсіптің берекеті боларына сенген ол өз үйінен тәтті нанның түрлерін пісіруді қолға алғанына бір жылдың жүзі болған.

0C36A233-7645-4010-9777-B4FC392B9A49

- Заман ағымына ілесіп, көштен қалмауды ұғынып, жеке іспен айналысқанды жөн көрдім. Әрине, жаңа кәсіпті бірден бастап кету оңай болмайды. Әйтсе де, әр істің қиыншылығымен қатар қуанышы да болады. Бастаған ісіңнің қыр-сырын біліп, аянбай тер төккен жағдайда іс өрге қарай домалайтыны анық. Жолдасым Амангелді Ақтайұлының қаржылай қолдауымен ісім алға басып келеді. Бүгінде торттың 11 түрін, бәліштің 20 түрін ауыл тұрғындарының тапсырыстары бойынша дайындаймын. Атап айтқанда, торттың мынадай түрлеріне «Рафаэло», «Вупи пай», «Орео», «Фисташковый», «Капкейки», «Сникерстерге» сұраныс өте көп. Сол секілді бәліштің де «Сникерс», «Сметанник», «Алма», «Қызыл бархат», «Сүзбе», «Чизкейк», «Меренго бәліші», «Алмұрт», «Шығыс бәлішіне» тапсырыстарды туған күн, тілашар, сүндет тойларға тапсырыстар арқылы әзірлеймін, - дейді кәсіп иегері.

89C962C8-ED7F-40DD-A3D6-CFBAE6EAECB4

 Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале