24.04.2017, 16:05
Оқылды: 35

Кәсіпкер киіз үй сыйлады

Akjayik kyiz yi   Ақжайық ауданындағы Алмалы ауылының түлегі, Орал қаласындағы «ҚазТорЦветМет» АҚ директоры Нұрберген Жұмағалиев өз ауылына Атырау облысындағы Махамбет ауданындағы кәсіпкерлер жасаған киіз үй сыйлады.


      Сыйымдылығы 100 кісілік, құны 500 мың теңге тұратын киіз үйді кәсіпкер ауылға жеткізіп берді.

    Оған Алмалы ауылдық округінің әкімі Армат Хайруллин, ақсақалдары, кәсіпкерлер зор ризашылығын, игі тілектерін арнады.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале