29.08.2018, 11:19
Оқылды: 27

Кәсіпкер өзі білім алған мектебінің терезелерін жаңалап берді

Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақжайық ауданындағы Тінәлі ауылының мектебіне «Орынғали» шаруа қожалығының иесі Иманмәлік Жұлқашев үлкен сый жасады.

пластик

            Ол мектеп ғимаратының ескіріп тұрған 11 терезесін замануи, яғни пластик терезелерге ауыстырып берді. Қариялар кәсіпкерге жақсылығы үшін бата беріп, алғыс айтты.

            Аталған мектептің түлегі Иманмәлік Орынғалиұлы зайыбы Айнұр екеуі іс-шараларға үнемі жанашырлық танытып, демеушілік көрсетіп жүреді.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале