25.07.2017, 15:40
Оқылды: 62

Кәсіпкер Сайқынға субұрқақ салды

Bokei su byrkak   Сайқындағы «Күйшілер» саябағында сәнді субұрқақ іске қосылды. Аптап ыстықта салқын суды аспанға атқан әдемі субұрқақ балалармен қоса, үлкендерге де ерекше әсер сыйлауда.


     Айта кетелік, фонтанның 12 нүктесінен атқыланған су 3 метр биіктікке дейін көтеріле алады. Жалпы құны 2 млн. 90 мың теңге тұратын оны «Өңірлік даму» бағдарламасы бойынша оралдық жеке кәсіпкер Т.Хамидоллин орнатып, Сайқын ауылдық әкімі аппаратының иелігіне беріпті.

Айша ТІЛЕКҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале