19.04.2017, 16:25
Оқылды: 21

Кәсіпкерлер бас қосты

Қаратөбеде аудан әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен «Шенеунік және кәсіпкер» атты жергілікті кәсіпкерлердің дөңгелек үстелі өтті.

Аудан прокурорының көмекшісі Райхан Мұқанова 2016-2017 жылдары аудандық прокуратураға кәсіпкерлерден түскен өтініштердің қаралуы, кәсіпкерлік қызметте кездесетін әкімшілік кедергілер туралы хабарлама жасады.

Аудан бойынша кәсіпкерлік саласының жағдайы және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы жөнінде аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов баяндап өтті.

Кәсіпкерлік палатасының бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы БҚО кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Асхат Тойшыбаев сөз етті.

Шара соңында аудан кәсіпкерлері аудан басшысы Асхат Берлешұлы, аудан прокуроры Ғалымбек Әлібекұлы және тиісті мекеме басшыларына сауда нүктелерінің жай-күйі, несие алу, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелер жөнінде сауалдар жолдап, тиісінше жауаптар алды.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале