3.08.2020, 10:51
Оқылды: 45

Кәсіпкерлер қолдады

Казталов ауданында коронавирус дерті тіркелгелі кәсіпкерлер мен шаруа қожалық жетекшілері аурумен күрескен медицина қызметкерлері мен науқастарға шамалары келгенше қолдау көрсетуде.

E53A8D2F-E03B-43E5-BC5A-8B5BCD9A9FF9

Біреулері малын сойып етін, биесін сауып қымызын әкелсе, біреулері қаражат жинап, дәрі-дәрмек пен індетпен күресуге арналған құралдарды сатып алып, сыйға тартуда. Әрине, бұл олардың ынтымағы мен игі іске деген құлшынысы деп білеміз.

Осының айғағындай, аудан орталығында кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер Дулат Рахматуллин, Абылай Шакуов, Эдуард Нұғманов, Данияр Қабдолов, Асылбек Жәнібеков, Абат Малаев, Абат Хитаровтар қаражат жинап, аудандық ауруханаға керекті медициналық құралдарын тарту етті.

Кәсіпкерлердің тартуын қабылдап алған аурухана басшысы Ботагөз Ғұмарова оларға ел атынан алғыс білдірді.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале