1.11.2018, 17:28
Оқылды: 35

Кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарып жүр

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында мемлекеттік кірістер басқармасының аудандағы бөлім басшысы Жанар Мұқанова, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, қоғамдық ұйым өкілдерімен, ауылдың кәсіпкерлерімен кездесті.

IMG-20181026-WA0043

Жалпақталда салықтан жалтарып, кірісін жасырып, аз салық төлейтіндер жоқ емес. Тіпті төлемейтіндер де бар. Соның салдарынан мемлекет қазынасына түсетін кіріс азаймақ. Ал салығын уақтылы төлеп тұрған кәсіпкерлердің кәсібі мардымсыз. Демек, табысы көп және аз кәсіпкер де, тіпті қарапайым заңды  және жеке тұлға да мемлекетке тиесілі салықты төлегісі келмейді. Кездесуде ауыл әкімі:

-Біз жылға берілген жоспарды орындауымыз керек. Көлік, жер, мүлік салығы оңбай тұр. Кейбір дүкен иелері кассалық аппараттарын жасырып отыратындығы шындық. Мұндайда шағын және орта кәсіп иелерін тексеріп, тұтынушы түбіртек талап ету керек. Салықтан жергілікті бюджет құралады. Сол жауапкершілікті білгендері жөн. Мейлінше адал табыс табу керек. Кәсіпкер мемлекет алдындағы жауапкершілігін дұрыс түсінгені жөн,-деді Самиғолла Сафиоллаұлы. Бөлім басшысы да өзінің ой пікірін білдіріп, кейбір кәсіпкерлердің салық төлеуге  келгенде салғырттығын, кірісін жасырып, азайтып көрсететіндігін айтты.

 Кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, ауыл тұрғындары Ғилым Едекешев, Гүлнар Сапахова, жастар атынан Әсемгүл Хасанова пікір айтып, салықтан жалтаратындарға алдағы уақытта қатаң шара қолданып, айыппұл салу керек деген ұсыныс айтты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале