30.04.2019, 12:32
Оқылды: 312

Қастық жасалып қаза тапты

Жәнібек ауданы Тау ауылдық округіндегі Есімов көшесі, 7-ші үйде қанды оқиға тіркелді.

c59bd7458259c386e4b6a4f8ed166141

27 сәуір, кешкі сағат алты шамасында Б. есімді азамат, 1978 жылғы Қ. есімді азаматтың оң жақ көзін пышақпен жарақаттаған.

Жәнібек аудандық полиция бөлімінің екінші арнайы тобының инспекторы, полиция капитаны Р.Теміров берген мәліметке сүйенсек, қылмыскер пышақ сұққанымен қоймай, ауладағы қорадан жіп әкеліп, қол-аяғын байлап тастаған. Жарақаты ауыр болған Қ. есімді азамат оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі таңда оқиғаның жай-жапсары анықталуда. ҚР ҚК 99 бабы 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, Жәнібек аудандық полиция бөлімінде тергеу амалдары жүргізілуде.

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале