23.07.2018, 10:13
Оқылды: 50

Қатты желден Жаңабұлақта шатырлар ұшып, электр бағаны құлаған

39021 шілдеде сағат 16.00 шамасында тұрған қатты желден Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында 50 астам тұрғын үйдің, бұлардың біразының сарайларының, басқа да құрылыстарының және бірқатар ғимараттың шатырлары ұшып түскен.


Мысалы, алдын ала жасалған есеп бойынша, ауыл әкімшілігі ғимаратының 25 шаршы метр, орта мектептің 100 шаршы метр шиферы қираған. 10-15-тен бастап 50 данаға дейін шиферлері ұшқан, қора-қопсыларының төбесі де зақымданған тұрғын үйлер бар. Электр желісінің 2 бағанасы құлаған. Абырой болғанда, мал-жан аман. «Қазір ауылда тиісті комиссия жұмыс істеп, дауылдан келген шығынды нақты айқындау үшін қам-қарекет жасауда»,- дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рауан Қашқынбаев.

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале