29.03.2017, 11:18
Оқылды: 19

Қауіпті «олжа»

Akjaik snariad    28 наурыз күні сағат 10.30 шамасында Ақжайық ауданының Жайық ауылынан (аудан орталығы аумағына кіретін елді мекен) 500 метр қашықтықта мал бағып жүрген осы ауылдың тұрғыны жерден жартылай шығып жатқан снарядты байқайды. Бұл туралы ішкі істер, төтенше жағдайлар және қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге хабарланады.


     Ақжайық ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Рауан Көшкінбаевтың айтуынша, алдын ала тексеру Азамат соғысы кезіндегі артиллериялық снаряд екенін көрсетіп берді.

      Оның ұзындығы 32 сантиметр, диаметрі 7 сантиметр. Қауіпті «олжа» жатқан жер қоршалып, әскери бөлімнен саперлер шақырылды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале