10.08.2020, 13:31
Оқылды: 58

  "Қазпоштамен" келген қызыл диплом!

2020 жылдың мектеп түлектері мен университет қабырғасын тәмамдаған студенттер үшін биыл оңайға соқпағаны анық. Соңғы қоңыраудың соғылмағаны, университеттерінің алдында мантиямен тұрып, қалпақтарын көкке атпағаны көңілді түсіргені жасырын емес.

18F63103-9FB6-4CCA-80E5-82A6AA717A1C
Бұлдырты орта мектебінің түлегі, биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін тәмамдаған Әйгерім Әленова да басқа қатарластары сияқты дипломын онлайн қорғады. Әрине, күндізгі күлкіні, түндегі ұйқыны ысырып тастап, білімге арналған 4 жылдың сәтті нүктесін телефонның бер жағынан қоямын деп ол да ойламаса керек. Бірақ пандемияның қызығы мұнымен бітпейді екен? Диплом үшін Нұр-Сұлтанға барамыз деп жүргенде, бұл жолы Әйгерімнің қызыл дипломы «Қазпоштамен» өзі келді. Оны салтанатты түрде пошташылар Лариса Азбергенова мен Жаңылсын Сағынаева табыс етті.

Аталмыш дипломды университеттегі ректордың қолымен емес, пошташылардың қолымен табыс етілгені расымен де ерекше болды. Кейін ауылдық округ әкімі Е.Мақашев та Ә.Әленованы салтанатты түрде қабылдап, жылы лебізін білдіре отырып, кітап сыйға тартты.

Жанерке Матышева,

газеттің жас тілшісі,

Бұлдырты ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале