10.01.2018, 10:53
Оқылды: 48

Қазталов аудандық сотына өткен жылы 29 қылмыстық іс түскен

Қазталов аудандық №2 сотының төрағасы Айвар Бижанов өткен 2017 жылды қорытындылады. Бұл жиынға құқық қорғау органдары, кәсіпқой емес медиатор, БАҚ өкілдері қатысты.

Көрсетілген мерзім ішінде сот өндірісіне 29 қылмыстық іс түскен (2016 жылы  - 32). Соның ішінде 18 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып, 10 қылмыстық қысқартылған. Қаралған істерге қатысты апелляциялық шағым немесе наразылық келтірілген жоқ.

Есептік мерзімде сот өндірісінде 206 талап арыз бен 4 азаматтық іс түсті, олардың  206-сы аяқталып,  4 іс қалдықта қалды.   Медиация тәртібімен 16 іс қаралды.

Сонымен қатар 330 әкімшілік іс қаралды, соның ішінде 15 іс бойынша ескерту,  50 іс бойынша айыппұл, 167 іс бойынша қамауға алу және 24 іс бойынша арнайы құқығынан айыру жазасы қолданылды. Әкімшілік іс бойынша 6 жеке қаулы қабылданды.

Бұдан басқа,  аудандық сотта «Сот кабинеті» және  ҚР МО БӘҚАЖ (ЕСЭДО) сияқты жаңа технологияларды ендіру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Ол бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жолға қойылған.

Баспасөз конференциясын қорытындылау барысында сот төрғасы Айвар Серікұлы сот жүйесіндегі жаңа жобалар жөнінде, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар, сонымен қатар, 2018 жылға жұмыс жоспары жөнінде айтты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале