1.02.2019, 11:26
Оқылды: 6

Қазталов ауданы әкімінің есептік кездесуі басталды

Бүгін жұмыс сапарымен Қазталов ауданына келген облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан орталығындағы жаңадан жабдықталған балалар шығармашылығы жаңа технологиялар орталығының жұмысымен танысты.

qaztalov (6)

         Аталған орталықтағы 20 үйірмеге 780 оқушы қатысады. Мектеп оқушыларын жаңа технологияларды игертуге, шығармашылықпен шұғылдануға баулитын орталықта қолданбалы өнер, интеллектуалдық ойындар, ғылыми-техникалық, IT сыныбы, би және журналистика үйірмелері жұмыс жасайды.

         Орталықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі Елбасы өз Жолдауында айтқан Жастар жылындағы жақсы бастама екендігін айтып, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі.

         Бұдан соң өңір басшысы аудандық мәдениет үйінде ауданның белсенді жастарымен кездесті. Жарқын жүздесуде жастар өздерінің тың жобаларымен таныстырды. Облыс әкімі жарияланған Жастар жылында игі істерге атсалысуға, жаңадан салынатын мектептің құрылысына жастар жасақтарын үлес қосуға шақырды.

qaztalov (1) qaztalov (2) qaztalov (3) qaztalov (5)

Нұрбек Оразаев,

суретті түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале