8-707-808-48-55
Қазталов ауданында дәрігерлермен кездесу өтті

20180614_103523Қазталов ауданында «Дәрігерлер күні» мерекесіне орай аудан жастары мен мектеп түлектеріне кәсіби бағдар мақсатында дәрігерлермен кездесу өтті.

Қонақтар қатарында Жалпақтал ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, дәрігер инфекционист Гүлнар Сапақова мен Қазталов ауруханасының  жүйке аурулары  дәрігері, нарколог, психиатр Жанна Жардемалиева болды.

«Рухани орталық» жетекшісі Мирбол Ғибатоллаұлы келген қонақтарға арнайы төсбелгі тағып, оларды орталық жұмысымен таныстырды. Мәртебелі меймандар көрме залын аралап, мектеп оқушыларының қолынан шыққан бұйымдарға таңданыспен қарасты. Ауданымызда «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында жасалып жатқан ауқымды жұмыстар барысына қанығып, өз ризашылықтарын білдірді.

Ашық форматта өткен кездесуде дәрігерлер көптеген сұрақтар қойылды.

Толық та мәнді жауап берген дәрігерлерге қатысушылар мен ұйымдастырушылар дән риза. Әсіресе, Жанна Жүсіпбекқызының қай жұмыстың қиындығы мен қызығы бірге жүретіні, шыдамдылық, табандылық, туған елге қызмет ету абыройы туралы айтқан әңгімелері өте әсерлі шықты.

20180614_105231Ал Гүлнар Мүтиғоллақызының өмірлік ұстанымдары, отбасы – ұрпақтар сабақтастығы тақырыбындағы ойлары, қазіргі заман талабына сай жастардан білімді де жігерлі мамандар тәрбиелеу  туралы айтқан сөздері аса салмақты шығып, көпшіліке ой салды.

Өзінің кітап оқығанды ұнататынын, нағыз дұрыс рухани тәрбие беретін кітап бұл «Абай жолы» деген сөздерінен көп нәрсені аңғаруға болады. Тәжірибелі дәрігерлер қазіргі еліміздегі оң өзгерістер, Елбасы саясаты дұрыстығын, «Цифрландыру» мен «Медициналық сақтандыру» бағдарламалары туралы түсіндіріп өтті. Сондай-ақ салауатты өмір салты сақтап, жаман әдеттерден қашық болуға кеңестер берді.

Біз өз кезегімізде кәсіби мереке қарсаңында барлық дәрігерлер қауымын шын жүректен құттықтап, жарқын болашақ пен ашық аспан астында ұзақ та бақытты ғұмыр кешулерін тіледік. Дәрігерлерімізде ризашылықтарын білдіріп, «Құрметті меймандар» кітабына өз қолтаңбаларын қалдырды.

М.Адайәлі

«Рухани орталық» жетекшісі

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру