10.11.2017, 17:23
Оқылды: 20

Қазталов ауданында «Пробация үйі» ашылды

IMG_0436«Пробация үйінің» негізгі мақсаты – шартты мерзімге дейін бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету.
«Пробация үйінің» ашылуында аудан прокуроры Дәурен Медетбеков: «Түзеу мекемелерінен босап шыққан және жазасын шартты түрде өтейтін сотталғандар «Пробация үйіне» келіп әлеуметтік-құқықтық көмек алуларына толық мүмкіндік бар. Сондай-ақ олардың кәсіп ашулары үшін кеңестер беріліп, психологиялық, жұмыспен қамту жөнінде көмектер көрсетіледі», -деді.

Айтса кетсек, өткен жылы аудан бойынша 63 адам пробациялық есепте тұрса, биыл 50-ге жуық адам тіркелген, 4 адам қайтадан түзеу орындарына жіберілген. Биыл жұмыспен қамту орталығында түзеу мекемелерінен шыққан 10 адам тіркелсе, соның 5-і жұмыспен қамтылып, 2-і кәсіптік білім алып келген. Сондай-ақ жазасын өтеп келген 6 адамға 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 22690 теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленген екен.

 Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале