25.10.2017, 18:56
Оқылды: 22

Қазталов ауданында жыл басынан бері 30 мал ұрлығы тіркелген

 

Қазталов ауданы ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Әділ Ғазизов аудан бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептік баяндама жасады.

Жыл басынан бері аудан бойынша 206 қылмыстық оқиға тіркелген. Әсіресе, мал ұрлығы азаймай отыр.  Мәселен, Талдыапан ауылдық округінің өзінде 9 мал қолды болған.

Жиында сонымен қатар бірқатар мәселелер талқыланды. Оның ішінде, жүргізушілердің мас күйінде көлік басқаруы, аудан орталығы Қазталов ауылына және Жалпақтал ауылына қосымша бақылау бейнекамераларын орнату, жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі мектеп полиция инспекторлары штатының жеткіліксіздігі бар.

Қатысушылар тарапынан жергілікті полиция қызметінің материалдық техникалық базасын нығайту, сонымен қатар ауданда құқық бұзушылықты тоқтату мақсатында бірқатар жоспарлы жұмыстарды бірлесіп атқару туралы ұсыныстар да айтылды.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале