10.10.2017, 19:42
Оқылды: 23

Қазталов ауданындағы дала өртінен қырылған малға өтемақы төленетін болды

Bokei dala ortiӨтемақы бірнеше күннен соң Қазталов ауданындағы Қособа ауылының тұрғындарына аударылмақ. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қорынан 250 бас малдың өтемі ретінде аудандық бюджетке 5,3 млн теңге түскен. Бұл жайлы бүгін аталмыш ауданның әкімі Абат Шыныбеков айтты.

Әкімнің айтуынша, ауыл тұрғындарының жеке шоттарына өтемақы осы аптада түседі.

- Ірі дала өртінен Қазталов ауданындағы Қособа ауылы тұрғындарының 598 бас ұсақ мал тірілей өртеніп кетті. Ауылдағы 27 шаңырақтың 14-і үй ұсақ мал ұстаған. Арнайы комиссия шығынды есептеді, -деді А.Шыныбеков.

Аудандағы кәсіпкерлер қособалықтардың ауыр жағдайына бей-жай қарай алмаған. Кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары жетекшілері, жерлестері көмек ретінде 280 бас ұсақ мал жинап берген.

-Жағдай қайталанбас үшін шалғай ауылдарда өрт сөндіру стансаларын ашуды жоспарлауда. Биыл Болашақ ауылында өрт сөндіру бөлімшесі ашылды, -дейді аудан әкімі. Сондай-ақ биыл Қособа ауылы таза сумен қамтылмақ. Он үш ауылды көгілдір отынға қосу да жұмыс жоспарында. Қаражат бөлінсе, бұл жұмыстар алдағы жылы басталуы мүмкін.

Динара Киндербаева

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале