22.03.2018, 15:34
Оқылды: 29

Қазталовтағы Наурыз тойға көрші елден меймандар келді

 Аудан орталығы. Мерекелік безендірілген орталық алаң. Тігілген киіз үйлер. Тігілген алтыбақан. Төгілген күй күмбірі адам жанын жадырата түсіп отыр. Жиналған көпшіліктің жүздері қуанышқа толы...

Наурыз мерекесіне жиналғандарды Қазталов ауданының әкімі Абат Абайұлы және мерекеге арнайы келген көрші Ресей Федерациясы Александров-Гай ауданы басшысының бірінші орынбасары Василий Неверов құттықтады.

Музыка әуенімен Қыдыр ата, Ұмай анна, Көктем ары келе жатыр. Оларды қошеметтеп ұлттық киім киген жігіттер бірге келеді. Орталық алаңға келген Қыдыр ата,- Тіршілікті жаңартатын, өмірді жаңғыртатын, пейілді түзететін, көңілді кеңейтетін Наурыз мейрамы құтты болсын,- деген тілегін жеткізді. Ұмай ана мен бір топ қыздар қолдарындағы бауырсақ пен көжені қалың жұртшылыққа үлестірді. Ұмай ана: -Бір тәңірім! Бәрімізді қолдап, жебе. Ұрпағыңды өзің сақта,-деп жүрек жарды сөздерін арнады. Бұлар да өздерінің көже, бауырсақтарын халыққа үлестіріп, таратты. Ауыз тигізіп жатырған жұртшылық,- Береке болсын!-деген тілектерін жеткізіп жатты.

IMG_6107Мерекелік шарада халықтық «Гүлдерайым» әжелер ансамблі, аудандық ардагерлер кеңесі, жастар ресурстық орталығы, жастар қоғамдық бірлесігі ұмыт болып бара жатқан «Қонақ кәде», «Байғазы беру» «Қазан шегелеу» сынды салт-дәстүрлерден көрініс көрсетті. Мерекеде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы лоторея ойынын ұйымдастырып,  билеттері ұтқан ауыл тұрғындарына тұрысқа қажетті  бұйымдарды сыйлады. Соынмен қатар лотореяның басты жүлдесі қой малы тігіліп, ұтысқа ие болды.

Наурыз мерекесінде аудандық салалық мекемелер дастархан жайып, Абат Абайұлы мен Александров-Гай ауданынан келген қонақтар бауырсақ пен Наурыз көжеден дәм татып, аудандық тәрбие орталығының дайындаған ұлттық бұйымдары қойылған көрмені аралады.  Сондай-ақ аудан көркемөнерпаздарының әуелете салған әндеріне ұласты.

Мерекелік шарада ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, аудандық мекемелер киіз үй ішінде ұлттық тағамдардан дастархан жайып, «Нұрбалапан» балабақшасы және аудандық білім беру бөлімдері қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетті. Киіз үй ішінде жайылған дастарханнан шақырулы қонақтар дәм татты.  Осы жерде айта кету керек, бүгінгі күнде сана-семізімізде сілкіністер жасалып, ұлттық кодымызды жаңғырту мақсатында ұмыт болып жатқан үрдістер де жандануда. Соның бір айғағындай, тамақтың төресі асты ағаш астауға салып, қонақтарға тартылды. Расында да табиғи жасалған бұрынғы тамақ салатын ыдыстар қазіргі жылтыратып қойған жасанды ыдыстарды жолға қалдырады емес пе?!  Сонымен қатар алғайлық ағайынымыз Қанат Мұратұлы мен аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Мирлан Нұролла «Қара жорға» биін билеп, бір серпілтіп тастады.

Мерекеде ұлттық спорт  қой көтеру, күш сынасу, гір тасын көтеру сияқты сайыстар да өтіп, жұртшылықты бір серпілтіп тастады.

Гауһар ӘДІЛЖАН,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале