17.10.2017, 15:32
Оқылды: 28

Қазталов ауданының әкімі ауыл халқымен кездесулер өткізуде

Қазталов ауданы әкімінің жұмыс сапары ауылдық округтерде жалғасуда. Абат Шыныбеков бастаған  ауылдық округ әкімдері, кейбір салалық мекеме басшылары ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Кездесулерде алдымен ауылдық округ әкімдері Қобылан Дүйсенов пен Арман Алдабергеновтер тоғыз айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасаса, аудан әкімі Абат Абайұлы ауданда атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтты.

Кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, Жаңатаң ауылында техникалық су, ауылдық клуб сынды мәселелер мазаласа, Көпкүтір ауылында көшелердің жарықтандырылуы, көгілдір отын тарту, ауыл бөгетін тазалау, ал Аққурай ауылының тұрғындары ұялы байланыс қызметінің жоқтығы сынды мәселелерді көтерді.

Хайруш ауылында болған кездесуде тұрғындар құдық қазу сынды мәселемен қатар қыста жол қатынасының қиындығы жөнінде де айтып өтті. Сонымен қатар хайруштіктер ауылдық медициналық пунктте фельдшер маманының жоқтығын да тілге тиек етті.

Осы және басқа да сұрақтарға аудан әкімі Абат Абайұлы және салалық мекеме басшылары тиісті жауаптар қайтарып, айтылған мәселелердің шешімін табуға жұмыстанатындарын жеткізді.

 Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале