29.06.2017, 11:10
Оқылды: 41

Қазталов ауданының әкімі ауысты

Шыныбеков 02Облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұған дейін Сырым ауданын басқарып келген Абат Шыныбеков аудандық мәслихат депутаттарының келісімен Қазталов ауданының әкімі болып тағайындалды.  


- Басталған жұмыстарды уақытылы, сапалы әрі тиянақты түрде аяқтауды бақылауда ұстауды тапсырамын. Елбасының өңірлерді дамыту туралы тапсырмасына сәйкес облысымызға үлкен қолдау бар. Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға біліміңіз бен тәжірибеңізді жұмсайды деген сенім білдіреміз. Мемлекет басшысының биылғы жолдауынан, рухани жаңғыру бағдарламасынан шығатын тапсырмалардың ауданда тыңғылықты орындалуын қадағалаңыз,-деді облыс әкімі.  

Шыныбеков Абат Абайұлы 1973 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механизациялау», 1998 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтын «Экономика –менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

А.Шыныбеков 1996-2003 жылдары аралығында әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметте қызметтер атқарған.

  • 2003-2006 жылдары Қазталов ауданы әкімінің орынбасары,
  • 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің кеңесшісі,
  • 2008-2012 жылдары «Нұр Отан» БҚОФ төрағасының орынбасары,
  • 2012-2013 жылдары Орал қалалық мәслихатының хатшысы;
  • 2013 жылдан бері Сырым ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале