1.02.2019, 18:47
Оқылды: 23

Қазталов ауданының әкімі биылғы жобаларымен бөлісті

Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбековтің халық алдындағы есептік кездесуіне облыс әкім Алтай Көлгінов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, облыстық басқарма басшылары қатысты.

IMG_6404

-Биылғы жылы жобаланған жұмыстарға тоқтала кетсем, алдымызда «Қазталов ауылында 600 орындық мектебінің құрылысын бастау, 3 бағыт бойынша 13 елді мекеннің газбен қамту жұмыстарын жалғастыру, Қазталов және Жалпақтал ауылдарында екі қабатты 12 пәтерлі екі тұрғын үйдің  құрылысын жүргізу жұмыстары тұр. Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы республикалық маңызы бар автомобиль жолының 157-192 км учаскесіндегі жұмыстарын жалғастыру, Жалпақтал ауылында 4 көшенің жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және Жаңажол ауылында жобаның 2-кезеңі бойынша кіреберіс жолы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау да осы жылдың еншісінде. Лекер су қоймасынан Қазталов ауылына су құбырын және Қарасу, Көктерек ауылдарына «Ақбұлақ» ауыз су жүйесін салуды да жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар ауданымыздың 11 елді мекеніне  талшықты-оптикалық байланысын тарту қолға алынатын болса, жол-сервис қызметін ұлғайту мақсатында Казталов–Жәнібек республикалық маңызы бар автожолының бойынан жану-жағар май бекетінің құрылысы да жүргізілетін болады,- деді аудан әкімі Абат Абайұлы.

Халық жиынында сөз алған тұрғындар ауданда малдың жүн-терісін қабылдайтын арнайы орын керектігін, коммуналдық шаруашылық мекемелерін техникамен қамтамасыз ету, Жалпақтал ауылында өнер мектебін, Бостандық ауылында медициналық амбулатория салу, Қошанкөл ауылындағы «Сәйгүлік» музейін жабдықтау және ипподром ашу, күре жолдың бойына талдар егу, балалар демалыс лагерлерінің материалдық базасын нығайту туралы сөз қозғады. Сонымен қатар азық-түлік бағасының өсуіне бақылау қою сияқты өзекті мәселелер қозғап, өз сауалдарына жауап алды.

-Қазталов ауданында да жаңа баяндамада айтылғандай ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Абат Абайұлын білікті, ұйымдастыру қабілеті жоғары, халықпен бірлесе жұмыс жасай білетін аудан басшысы деп білемін. Оған өздеріңіз де куә болып жүрсіздер. Жаңа сөз алып, ұсыныс білдірген аудан тұрғындары да атқарылған істерге ризашылықтарын білдіруде. Бұл жұмыстар сіздер мен біздердің бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ұйымшылдығымыздың нәтижесі деп түсінемін. Сондықтан биылғы жылы да іргелі табыстарға жетейік! – деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Серік Жұмағалиев,

Қайрат Жақып,

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале