15.05.2017, 10:48
Оқылды: 63

Қазталов ауданының әкімі сенбілікке қатысты

Kaztalov jymila kotergen jyk jenil   Қазталов ауданы орталығындағы мекеме ұжымдары, қоғамдық ұйым мүшелері сенбілікке шығып, "Достық" саябағының тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына қатысты.


    Сенбілікке қатысқан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр: «Былтырғы жылдан бастап "Достық" саябағын кеңейту жұмыстарын бастағанбыз. Биыл аяқталып келеді. Саябаққа тал-теректер отырғызылып, су құбыры да тартылды. Болашақта бұл жерде әр түрлі атракциондар мен теннис корты орнатылмақ. Бүгіннің өзінде "Достық" саябағы қазталовтық ағайынның алаңсыз демалатын орнына айналып отыр»,- деді.

Қайрат ЖАҚЫП

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале