24.08.2017, 11:10
Оқылды: 19

Қазталов ауданының әкімі жастармен жұмыстың олқы тұстарына тоқталды

Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбековтің  төрағалығымен аудан әкімі жанындағы жастармен жұмыс жөніндегі кеңестің мәжілісі өтті. Кеңес жұмысына қоғамдық ұйымдар өкілдері, ауыл әкімдері, салалық мекеме жетекшілері қатысты.


Мәжілісте аудан жастары арасында құқықбұзушылық, олардың кәсіппен айналысуы, кәсіби білім алу, мәдени, спорттық шараларға қатысу және тағы басқа да мәселелер талқыланды.

Кеңесте сөз алған аудан әкімі жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың кейбір олқы тұстарына тоқталып өтті. «Жас кәсіпкерлердің жобаларын іске асыруда, жастардан кадрлық резервті даярлау бағытында толымды жұмыстар жоқтың қасы», -деді А.Шыныбеков.

Кеңес жұмысынан кейін аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов "Мектепке жол" акциясына  аудандық "Жәрдем" қоры арқылы қаржылай көмектің  берілуіне тоқталды. Сонымен қатар  жастар ресурстық орталығы ұйымдастарған қайырымдылық шарасының ұйымшылдықпен өтуіне байланысты округтердің алғыс хаттары табыс етілсе, "Жасыл ел" бағдарламасына қатысушыларға да алғыс хаттар табысталды.

Әсем БОЛАТ,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале