5.11.2018, 18:10
Оқылды: 42

Қазталов ауданының әкімі жастармен жүздесті

Қазталов ауданы Жалпақтал мәдениет үйінде аудан әкімі Абат Шыныбеков аудандағы ірі білім ошақтарының бірі Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің студенттеріне, Ғ.Молдашев, К.Меңдәлиев атындағы мектепте білім алып жатқан жоғары сыныптың оқушыларына «Жастардың білім, даму, өркендеу жолындағы міндеттері» тақырыбында дәріс оқыды.

 

qaztalov akim (7)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кездесу барысында Абат Абайұлы ауданда атқарылып жатқан игі істер жайында айтып, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттер туралы баяндады.

-Қайырлы күн жастар! Қазақта «Білікті бірді жығады, білімді мыңды шығады» деген сөз бар. Білімді жастарды тəрбиелеу əрбір өркениеті дамыған елдің міндеті болып отыр. Осы орайда Елбасымыз «Болашақ» бағдарламасы арқылы жастарымызды шет елге оқуға мүмкіндік туғызды. Болашақта дамыған 30 елдің қатарына енеміз десек ең алдымен сапалы білім, саналы тəрбие беруді жастардан бастауымыз қажет. Бүгінгі таңда ауданда білім саласында өзіндік орны бар Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде біліп алып жатқан студенттермен және қос білім ордасының жоғары сыныбының оқушыларымен кездесуді жөн санадық. Бұл тақырыптық кездесуде болашақта біз осы кəсіптік бағдарымызды қалай дамытуымыз керек, қандай мүмкіндікті пайдалануымыз керек деген көкейкесті сауалдардың шешімін бірге анықтауымыз қажет,- деді аудан басшысы.

150 тарта студент пен қос білім ордасының оқушылары өз ойларын ортаға салып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Студенттер арасынан Айнұр Жарылғасова, Нұрболат Ихласов, Гүлнұр Әділ, Дильназ Бақытова және тағы басқа да студенттер, жастар атынан Айкөркем Қанатқалиева кәсіпкерлік саланы дамытқысы келетіндерін, оның жолдары жайында, мектеп оқушылары арасында волейболдан аудан әкімінің кубогі ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді.

Абат Абайұлы әр қойылған сауалға тұшымды жауап бере отырып, өзінің әкесін үлгі тұтатынын, әкесінен көп нәрсені үйренгенін әңгіме етті.

qaztalov akim (6)

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале