24.03.2017, 11:46
Оқылды: 28

Қазталов ауданы әкімінің Жалпақталға сапары

Jumat aksakalҚазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылына сапарында Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмат Сәрсембиевтің, еңбек ардагері, «Қазталов ауданының құрметті азаматы» Шәріп Хайруллиннің шаңырақтарында болып, облыс әкімі Алтай Көлгіновтің әз Наурыз мерекесіне құттықтау хатын табыс етті.


Ұлыстың ұлы күні келіп құттықтаған аудан басшысына ардагер аталарымыз алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.

Нұрлан Бекқайырдың сапарының тағы бір мақсаты аумақтағы өзен-көлдердің, бөгеттердің жағдайымен танысу болатын. «Автобаза», «Жиеш», «Құлақ», «Гүрілдеуік» бөгеттерін аралаған аудан басшысы су тасқыны кезінде тиісті шаралардың қолға алу керектігін айтты.

Қараөзен ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қабдолұлының айтуынша, «Гүрілдеуік» бөгетін бекіту үшін bogetterтопырақ дайындауда бірқатар жұмыстардың қолға алынуда. 115 миллион текше метр «Гүрілдеуік» бөгетіне алдағы уақытта қақпа орнатылса, өзен суын табиғи шабындықты суландыру үшін пайдалану тиімді болары сөзсіз.

- Қараөзен мен Сарыөзеннің аралығында орналасқан ауылдық округтердің қожалықтары қос өзенге тәуелді. Себебі бұл жердің халқы шабындыққа су шығарады, бау-бақша отырғызады, төрт түлік мал өсіреді. Мал баққан шаруаны өзен-көлдеріміз тартылып кетпесе деген ойдың мазалайтыны да шындық. Сондықтан өзен-көлдерді, бөгеттерді аралап, су тасқыны кезінде жайбасарлық танытпай, жұмыла кірісуіміз қажет. Жоғары жақтан келетін суды тоғандарға, бөгеттерге ұстап қалып, пайдаға асыруға тиіспіз, - деді кездесу барысында аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы.

Айта кетейік, су тасқынынын алдын алу барысында ақпан айында өткен жиында аудан әкімі округ әкімдері мен жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, сақтық шараларды күшейтуді ескерткен болатын.

Тұрарбек Ақмурзин

                                                                                             zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале