22.08.2017, 16:08
Оқылды: 22

Қазталов ауылында 3 шақырым жаяужол салынады

Аудан  орталығындағы Қарасу бөліп жатқан, жұртшылық «Сельхозтехника» атап кеткен  Ғ.Лұқманов және Имашев көшелерінің тұрғындары лайсаң уақыттарда балшықтан аяқтарын алып жүре алмайтын. Қазір бұл мәселе шешілуде.


Дамир Балмулдин жетекшілік ететін "БатысКотлМонтаж" ЖШС жаяу жүргіншілер үшін 700 метрге жуық асфальт жол төсеп жатыр. Сондай-ақ  аудан орталығында биылғы жылы Х.Бөкеева, Құрманғазы, Мерғалиев, Ихсанов көшелеріне де жаяу жүргішілер жолы салынып, 3 шақырымға жуық  тротуар төселетін болды.

Алдағы келе жатқан  күз айында «сельхозтехникалықтар» орталыққа келу үшін резеңке етікпен емес, туфлимен келеді...

Серік  ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале