17.05.2018, 10:52
Оқылды: 54

Қазталов ауылында балалар ойын алаңы көбеюде

Қазталов ауданы орталығы Қазталов ауылы жылдан жылға көркейіп келе жатыр. Әсіресе, өткен жылдан бері ауылда жаяу жүргіншілер  жолдарына асфальт төселсе, көшелердің қиылыстары қоршалды.

Шындығы  керек, аудан әкімі Абат Абайұлы аудан орталығының заман талабына сай болуына орай тазалығына, абаттандырылуына үлкен мән беріп, тиісті мекемелерден талап етуде.

Сонымен қатар аудан орталығында мәдени демалыс орындары да бой көтеріп жатыр. Мәселен, «Жеңіс» саябағының алдында балалар ойын алаңы  іске қосылса, «Совхоз» деп аталатын ауыл бағытында да балалар ойын алаңы жасалды. Бұрын орталықтағы ойын алаңдарына келіп жүрген балалар енді үйлерінің жанындағы  алаңда асыр салып ойнауда. Ал бұл ойын алаңдарын салуға жеке кәсіпкер Светлана Ғұбашева 800 мың теңге көлемінде қаражат  жұмсап, туған ауылына тартқан сыйы болатын.

Әсем  БОЛАТ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале