4.08.2020, 18:27
Оқылды: 37

Казталов елді мекендеріндегі екі медпункт жөнделді

Казталов ауданына қарасты Хайруш елді мекені мен Серік ауылындағы қос медпункт күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді.

E80AB982-E634-4D4A-9689-A051E8849636

Екі медициналық мекеменің де жөндеу жұмыстарын  "Жиенбай" ЖШС-і жүзеге асырып, белгіленген мерзімде пайдалануға берді.

-Басымыз ауырып, балтырымыз сыздағанда көмек сұрап баратын ауылымыздағы бірден-бір медицина мекемесі болғасын заман талабына сай жұмыс жасағанын қалап жүр едік. Осы ойымызды дер кезінде түсінген сала мамандары медицина ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, сапалы қызмет жасауға жол ашып берді. Біздер өте қуаныштымыз,-дейді Серік ауылының байырғы тұрғыны Жүсіп Жақыпов ақсақал.

A76BC85E-4AC2-4BC5-A546-88034041ECC0

Ендігі жерде "Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021" бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен қос медицина ғимараты ел игілігіне толық қызмет ететін болады.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале