12.02.2018, 11:26
Оқылды: 28

Қазталов-Орал маршруты жолға шықты

IMG_4154Қазталов-Орал маршруты бойынша қатынайтын жолаушылар автобусының алғашқы рейсі жолға шықты.

Шарада сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков: - «Жиенбай» ЖШС Қазталов және Жалпақтал ауылдарының тұрғындарын 28 орындық микроавтобус көлігімен жолаушыларды тасымалдауын бастады. Ендігі мақсат - аудан тұрғындары болып, қолдау көрсету. Барша жолаушыларға сәтті сапар,-деді. Сонымен қатар шарада «Жиенбай» ЖШС басшысы Ахметқали Қарағойшин де сөз алып, құттықтау тілегін жеткізді.

IMG_4159Шара барысында облыс орталығына жүргелі тұрған №211 маршрутына Бостандық ауылдық бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Жапақов лебізін білдіріп, ақ батасын берсе, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары Ж.Хайрушев пен Б.Сәртөк «Жолың болсын, жолаушы!» әнін орындады.

28 орындық микроавтобустың бүгінгі рейсінде 12 адам облыс орталығына аттанды. Осы автобуспен бара жатқан ауылымыздың «Алтын алқа» иегері Фариха Есенғалиеваға жеңілдік жасап, тегін билет берілді.

 

Гауһар ӘДІЛЖАН,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале